Түркістан облысында шаруаның 120 тонна шөбі жанып кетті

Оқиға орнына төтенше жағдай департаментінің 14 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды

Фото: Sputnik.kz

Оқиға Бәйдібек ауданына қарасты Жарықбас ауылында болды. Жеке тұрғын үй ауласында жиналған 8 000 бума шөп өртке оранған. Бұл шамамен 120 тоннаны құрайды,-деп хабарлайды newsroom.kz

Оқиға орнына төтенше жағдай департаментінің 14 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Өрт сағат 18:58-де оқшауланып, сағат 21:30-да толық сөндірілді.

"Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Арасы бықсып жанған шөпті сөндіру қиындық туғызғанына қарамастан өрт сөндірушілер 392 шаршы метр алаңдағы өртті толығымен сөндірді. Өрт орын алған кезде "112" немесе "101" нөмеріне хабарласыңыз", - делінген Түркістан облыстық ТЖД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Жүктелуде...