Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-өзбек жастарының білім саласындағы өзара байланысы жөнінде айтты, деп хабарлайды newsroom.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Тоқаев жыл сайын Қазақстан мен Өзбекстан жастарының конгресін өткізу дәстүрге айналғанына тоқталды.
Қазір Қазақстанда Өзбекстаннан келген 6 мыңға жуық студент оқып жатыр. Қазақ жастары да Өзбекстанның жоғары оқу орындарында білім алып жүр.Бүгін Өзбекстанның Шыршық қаласында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филиалы ашылды. Алматыда Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтының филиалы өз жұмысын бастады. Біз осы оқу орындарын салтанатты түрде аштық. Мұның бәрі бауырлас екі елдің ортақ игілігі үшін жасалып жатыр, - деді Тоқаев.
Айта кетейік, Астанада күллі түркі еліне белгілі өзбек ақыны Әлішер Науаиге ескерткіш орнатылады.