weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
7 тамыз, 2024 / Перизат Ілес / Sportroom
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бас бапкер Елдос Сайдалин: Назым мен үшін батыр қыз

Олимпиадада төрт кездесу өткізіп, төрт кездесудің барлығында жақсы өнер көрсетті

Бас бапкер Елдос Сайдалин: Назым мен үшін батыр қыз
Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин "Хабар" телеарнасына берген сұқбатында боксшы  Назым Қызайбайдың жартылай финалдық бәсекесі туралы пікір білдірді,-деп хабарлайды newsroom.kz

"Назым қолынан келгеннің барлығын жасады. Ешқандай реніш жоқ. Барын салды. Олимпиадада төрт кездесу өткізіп, төрт кездесудің барлығында жақсы өнер көрсетті.

Жартылай финалдық бәсекені өздеріңіз көрдіңіздер. Мықтыны мықты деп мойындауымыз керек. Бұл спорт. Бұл жерде жеңімпаз бар, бір спортшы жеңеді, бір спортшы жеңіледі. Назым мен үшін батыр қыз", - деді бас бапкер Елдос Сайдалин.

Айта кетелік, Назым Қызайбай жартылай финалда Қытай спортшысы Ву Юмен кездесті. Нәтижесінде Назым Қызайбай бұл жекпе-жекте 4:1 есебімен жеңіліс тауып, Париж Олимпиадасының қола жүлде иегері атанды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→