Алғашқы Олимпиада ойындарында жалғыз спорт түрі ғана болған

Олимпиада сөзінің өзі “Олимп” тауы сілемдерінде өткізілгендіктен пайда болыпты

Фото: Massaget

Спорттағы ең ірі жарыстардың бірі – Олимпиада ойындары. Олимпиада ойындарының тарихы және дамуы жайында айтамыз,-деп хабарлайды newsroom.kz 

Олимпиада ойындарының алауы осыдан 119 жыл бұрын тұтанған екен.Олимпиаданың отаны-Грек елі. Ал тарихы сонау ертеден бастау алған. 

Деректерге сүйенсек, Олимпиада сөзінің өзі “Олимп” тауы сілемдерінде өткізілгендіктен пайда болған. Алғашқы Олимпиада ойындарында жалғыз спорт түрі ғана болған. Ол кейіннен «марафон» деп аталып кеткен - қашықтыққа жүгіру. Алғашқы ойындардың әділ өтілуі үшін қатысушылар киімсіз  жарысқан.

Ең алғашқы атлеттер тек ер адамдар болған. Сәйкесінше, әйелдер спорттық жарыстарда ерлерді көруге тыйым салынған. Кейбір әйелдер ойындарға өте-мөте қызыққандықтан, ерлерше киініп амфитеатрларға білдіртпей кіріп кеткен де екен,-деген ақпарат бар. 

Мәліметтерге сүйенсек,  алғаш рет өткен Олимпиада ойындарында бейресми командалық есеп бойынша афиналықтар алға шығып, 46 медаль иеленген. Екінші орынға 11 медальмен АҚШ құрамасы орналасқан. 

Бір қызығы, Афина қаласындағы алғашқы Олимпиада ойындарында тек қана бірінші және екінші орындарға ие болғандар ғана медальдармен марапатталған. 

Тек 1900 жылы Парижде және 1904 жылы Сент-Луисте медальдардың орнына кубоктар мен басқа сыйлықтар сыйланған. Ал дәл қазіргідей алтын, күміс және қола медаль сыйлау – 1908 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарынан бастау алыпты. 

Тұңғыш рет ұйымдастырылған Олимпиада ойындарынан кейін бұл доданы төрт жылда бір рет өткізіп тұру туралы шешім қабылданады. Төрткүл дүние көз тігер дода соғыс жылдары кезінде ғана аздап тоқтап қалғанымен, кейіннен өз жалғасын тапқан.

Жүктелуде...