Қазақтың жауырыны жерге тимеген балуаны “Балуан Шолақ” жайлы не білеміз?

Спортшының салдық құратын өнері де бар көрінеді

Фото: Stan.kz

Халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, жауырыны жерге тимеген Балуан Шолақ жайында айтамыз,-деп хабарлайды newsroom.kz

Спортшының есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған екен,өзінің азан шақырылып қойылған шын аты – Нұрмағанбет.

Деректерге сүйенсек, әкесі Баймырза ағаш шебері болған.Анасы Қалампыр қарулы кісі болған көрінеді. Балуан Шолақ та осы анасына тартып, теңдессіз алып күштің иесі болыпты. 

Нұрмағанбет Баймырзаұлы Көкшетау қаласындағы үлкен жиындарда 51 пұт (830кг-дай) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң қалдырған деген дерек бар

Сондай-ақ, спортшының салдық құратын өнері де бар көрінеді. Бертін келе, жігіт шағында Балуан Шолақ осы екі өнерді қатар дамытады. Әке-шешесі қайтыс болған соң, Ғаникей деген қызға үйленген Нұрмағанбет  ел аралап, салдық құрыпты және жалғыз-жарым жүрмей, маңына әнші-күйші, палуан, өнерлі жастарды жинаған.

Балуан Шолақтың «Ащылы-айырық», «Балуан Шолақ», «Желдірме», «Дікілдек», «Көкшетау», «Қосалқа», «Қос барабан», «Қос перне», «Құлан кісінес», «Кенже қоңыр», сияқты әндері бар. 

Айта кетелік, Балуан Шолақ жайында толық метражды көркем фильм 2019 жылы қалың көрерменге жол тартты. Қазақфильм киностудиясы шығарған көркем фильмде спортшының өміріндегі айтулы оқиғалар желісі көрсетілген. 
 


Еске сала кетейік, Алматыда  Спорт және мәдениет сарайына  Балуан Шолақтың аты берілген. Бүгінде Жамбыл облысы Шу ауданында Балуан Шолақ ескерткіші бой көтерген. 

Жүктелуде...