Ақтөбе қаласында Астана ауданындағы дәмханалардың бірінің ас дайындайтын үйде өрт шықты, – деп хабарлайды newsroom.kz
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
- Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында 42 шаршы метр алаңындағы өрт қысқа мерзімде жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, – делінген хабарламада.
Осы ретте ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.