Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Биыл балалар мектепте жеңілдікпен тамақтанып, тегін дәрі-дәрмек алады

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша 43 ұйым қосылды

Биыл балалар мектепте жеңілдікпен тамақтанып, тегін дәрі-дәрмек алады
Фото: El.kz

Биылғы 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық өңірінде "Әлеуметтік әмиян" шеңберінде оқушыларды тегін және жеңілдікпен тамақтандыру бойынша жобаны кеңінен тарату басталады, деп хабарлайды newsroom.kz

 

Жоба қазақстандықтарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Пилоттық режимде 2023 жылдың соңынан бері елімізде азаматтардың жекелеген санаттарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, мектептерде тегін және жеңілдікпен тамақтандыру сияқты қызметтер іске асырылуда.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша 43 ұйым қосылды, 30 мың рецепт іске асырылды; мектепте тегін және жеңілдікпен тамақтандыруға — 93 ұйымға 27 мың түскі ас таратылды. 

"Әлеуметтік әмиянды" әзірлеушілер аталған пилоттық жобаның сәтті тәжірибесін таратуға ниетті.