Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Ақтөбе облысында жарты миллион теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды

Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды

Ақтөбе облысында жарты миллион теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды
Фото: Telegram/ Polisia.kz

Полицияға Ақтөбе тұрғыны бопсалау дерегі туралы арызданды. Тергеп-тексеру барысында аудандардың бірінде жәбірленушінің көлігі бұзылған кезде оған белгісіз адамдар келіп қорқытып, ұрып-соғу арқылы ақша талап еткені анықталды,-newsroom.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Күдіктілер автокөліктен арнайы киімнің 13 жиынтығын алып кетіп, оларды қайтару үшін 500 мың теңге талап еткен.

Арнайы бөлімше жауынгерлерінің қатысуымен жедел іс-шараларды өткізу барысында Ақтөбе облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Хромтау қаласының бес тұрғынын анықтап, ұстады. Заттай айғақтар тәркіленді.

Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына  қамалды.