Бүгін Олимпиада ойындарында 16 қазақстандық спортшылар шаршы алаңға шығады,-деп хабарлайды newsroom.kz
Семсерлесуден әйелдер арасындағы жекелей сында Әйгерім Сарыбай бақ сынаса, садақ атудан командалық бәсекеде Қазақстан құрамасы жарыс жолына шығады.
Оқ ату спортынан әйелдер арасындағы финалда Александра Ле Олимпиада ойындарының жүлдесіне таласады.
Сонымен қатар дзюдодан 73 келі салмақ дәрежесінде Данияр Шамшаев шықса, бадминтоннан Дмитрий Панарин Париж Олимпиадасындағы екінші ойынын өткізеді.
Бокстан кешкі сессияда аса ауыр салмақ дәрежесінде Қамшыбек Қоңқабаев Париж шаршы алаңындағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді.