Әбибаның жеңілісінен кейін партия төрағасы ұйықтай алмай шығыпты

Бұл тектіліктің белгісі

Фото: Instagram/ a1darbek

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдарбек Ходжаназаров Париж Олимпиадасында  шаршы алаңға шыққан спортшы Әбиба  Әбужақынова  жайында жүрек жарды лебізін білдірді. Айдарбек Ходжаназаров бұл туралы өз Instagram желісінде  жариялады,-деп хабарлайды newsroom.kz

"-Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп Әбиба қарындасымның көз жасы. Бұл намыстың көз жасы. Бұл тектіліктің белгісі. Бұл үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Әбиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек! Қанеки, жалғастырайық, Қазақтың Жігіттері! " -деп жазды Айдарбек Ходжаназаров.

Жүктелуде...