Айбек Оралбай Олимпиаданы жарқын жеңіспен бастады

Боксшы Париждегі Олимпиада ойындарындағы бірінші жекпе-жегін өткізді

Фото: olympic.kz

Айбек Оралбай 92 келіге  дейінгі салмақта бақ сынап жатқан отандасымыз нигериялық Адам Олаорені жеңді,-деп хабарлайды newsroom.kz

Айбек қарсыласын бірінші раундта нокдаунға да түсірді. Одан кейін де шабуылда ширақ, қорғаныста мығым болды. 

Отандасымыз ширек финалда Хулио Сезар Ла Круз – Лорен Альфонсо Домингес жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Жүктелуде...