Павлодарда автобус аялдамасының жанында бойжеткенді көлік қағып кетті, - деп хабарлайды newsroom.kz
Куәгерлер оқиғаның күндіз «Қамқор» автобазарының маңында болғанын айтқан.
Облыстық жедел медициналық жәрдем стансасы мәлімдегендей, шақыру сағат 17:17-де түсті. Төрт минуттан кейін дәрігерлер бригадасы оқиға орнында болды.
28 жастағы бойжеткен ауыр жағдайда №3 қалалық ауруханаға жеткізілді.