Әнші Әбдіжаппар Әлқожа киімін теміржол бойында өртеуге рұқсат алған ба?

Өнер иесі ұсталған кездегі киімдерін өртегені үшін айыппұл төлеген

Фото: Massaget

Әлеуметтік желіде әнші Әбдіжаппар Әлқожаның бостандыққа шығып, киімдерін теміржол бойында өртеген бейнежазбаны өз Instagram желісінде жариялады,-деп хабарлайды newsroom.kz

Әнші  киімді қай жерге өртеді?  Теміржол бойында киім өртеуге рұқсат алған ба? 

Осы сұрақтарға жауап алу мақсатында Newsroom.kz сайтының тілшісі Әбдіжаппар Әлқожаның менеджерімен байланысқа шықты. 

“Біз БАҚ өкілдеріне сұхбат бермейміз”-деп, әншінің менеджері сауалға жауап беруден бас тартқан болатын.

Сондай-ақ, Newsroom.kz сайтының тілшісі «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ға  осы сұрақтар бойынша өтініш жіберді. 

“Оқиға болған жер компанияның бақылауындағы теміржол емес. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на Әбдіжаппар Әлқожадан рұқсат сұрауы келмеді”,-деп жауап берді "Қазахстан темір жолы" Ұлттық Компаниясы" ақционерлік қоғамы

Айта кетелік, әнші ұсталған кездегі киімдерін өртегені үшін айыппұл төлеген. 

Әлеуметтік желідегі Бағлан Әбдіраймовтың жариялаған    
"Достар, көлігімді өртеді деп ойладыңыздар ма? Жоқ, біз аманатқа қиянат жасамаймыз. Дәл осы көлікті ертең сіздерге сыйлаймыз және тағы екі автокөлігіміз бар”- деген жазбасына пікір қалдырғандардың арасында Әбдіжаппар Әлқожа бар. 

"Бәке, байқаңыз, Алатау ауданы әкімшілігі айыппұл салады. Көрдік қой от жаққанды. Айыппұлын төлеп, түсініктеме жаздық", - деген әнші қамаудан шыққаннан кейін киімдерін өртегені үшін жазаланғанын жазды.

Жүктелуде...