Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
26 шілде, 2024 / Динара Сембаева / Sportroom

Олимпиадаға қатысудан бас тартқан Елена Рыбакина ақшасы көп басқа жарыста ойнайды

Рыбакина 2024 жылы бірнеше жарысты соңына жеткізбей орта жолдан аяқтады

Олимпиадаға қатысудан бас тартқан Елена Рыбакина ақшасы көп басқа жарыста ойнайды
Фото: Qaz365.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына қатысудан бас тартты. Федерация спортшы бронхитпен ауырып қалғанын мәлім етті. Дегенмен спортшы алдағы күндері Канададағы жарысқа қатыспақ,-деп хабарлайды newsroom.kz

«Рыбакина 2024 жылы бірнеше жарысты соңына жеткізбей орта жолдан аяқтады. Көбінесе, денсаулығына байланысты. Олимпиададан бөлек, Индиан-Уэллс, Рим, Истборн турнирлерінде ауырып, кортқа шыға алмады. 25 жастағы теннисші соңғы рет Уимблдон турниріне қатысып, жартылай финалда Барбора Крейчиковадан жеңілді. Енді ол Солтүстік Америкадағы хард турнирлеріне қатысады. 6 тамызда басталатын Торонтодағы National Bank Open турнирінде бақ сынайды», - деп жазды tennis.com сайты.