Өзіңнен тумай… Рыбакина Олимпиадаға бармайды

Дәрігерлер маған алаңға шығуға қатаң тыйым салды

Елена Рыбакина. Фото: Instagram/lenarybakina

Танымал әрі талантты теннисші Елене Рыбакина Париж олимпиадасына қатыса алмайды. Спортшы бұл туралы өз Instagram желісінде жариялады,-деп хабарлайды newsroom.kz

"- Бұл туралы хабарлау маған қиын, бірақ, өкінішке орай, мен Париж Олимпиадасына қатыса алмаймын. Уимблдон турнирінен кейін мен жедел бронхитпен ауырдым және жаттығуға қайта оралуға тырысқаныма қарамастан, менің денем әлі қалпына келген жоқ. Дәрігерлер маған алаңға шығуға қатаң тыйым салды.

Мен сіздердің үміттеріңізді ақтай алмайтыныма және Париж Олимпиадасында біздің құрамаға қатыса алмайтыныма өте өкінемін. Мен Токиода медальға өте жақын болдым және Қазақстан үшін алтын алу үшін Париж ойындарына мұқият дайындалдым. Өкінішке орай, денсаулық бұл жоспарлардың орындалуына жол бермеді. 

Барлық қазақстандық спортшыларға Парижде сәттілік пен табыс тілеймін! Мен барлық спортшыларымызды қолдаймын және олар біздің елімізді олимпиадаға лайықты түрде ұсына алады деп сенемін. Алға, Қазақстан!!"-деп жазды  Елена Рыбакина. 

Жүктелуде...