Қайран Амангелді Сейітхан! Ұлы комментатор болды

Бекасыл Сейітхан  алғаш рет республикалық арнада қызмет етпек

Бекасыл Сейітхан. Фото: khabar.kz

Амангелді Сейітханның ұлы Бекасыл Сейітхан комментаторлар қатарына қосылып, Париж олимпиадасынан хабар таратуға мүмкіндік алды,-деп хабарлайды newsroom.kz 

Бекасыл Сейітхан бұған дейін үміткерлер тізімінде ғана болған. «Хабар» Агенттігінің басшылығы оны ресми мақұлдады және бірер күннен кейін іске кіріспек. 

Айта кетелік, ол  бұған дейін де Алматыдағы спорттық жарыстарда  және Бәйге түрлерінде комментатор болған. 

Сондай-ақ, Бекасыл Сейітхан  алғаш рет республикалық арнада қызмет етпек.

Жүктелуде...