АМӨЗ-дің бұрынғы бас директорына қатысты тергеу аяқталды

Технологиялық жабдықты жөндеу бойынша тиісті шарт жасасты деп күдіктелуде

Фото: Kursiv.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі Атырау мұнай өңдеу зауыты ЖШС бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратовқа қатысты  қылмыстық істі аяқтады,-деп хабарлайды newsroom.kz

Тергеу қызметтік өкілеттіктерін қызмет мүдделеріне қайшы пайдалану фактісі бойынша жүргізілді. Бұл мемлекетке аса ірі залал түрінде ауыр зардаптарға әкеп соқтырды. 

Мұрат Досмұратов 2022-2023 жылдар аралығында жеткізушінің жеткізілген жабдыққа тиесілі кепілдік мерзімі уақытында  зауыт қаражатынан ақшалай қаражатты негізсіз бөліп, жалпы соммасы 1,9 млрд теңгеге технологиялық жабдықты жөндеу бойынша тиісті шарт жасасты деп күдіктелуде.

ҚР Қылмыстық- Процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етілмейді.

Жүктелуде...