Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстанда алдағы күндері 45 градусқа дейін ыстық болады

Солтүстік-батыста, 25 шілдеде батыста, шығыста, 26-27 шілдеде солтүстігінде нөсер күтіледі

Қазақстанда алдағы күндері 45 градусқа дейін ыстық болады
Фото: el.kz

 

Синоптиктер 25, 26 және 27 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды newsroom.kz

Антициклон жотасы циклонды еліміздің солтүстік-батысына қарай біртіндеп ығыстырады және атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр, найзағай және желдің күшеюі күтіледі, ал солтүстік-батыста, 25 шілдеде батыста, шығыста, 26-27 шілдеде солтүстігінде нөсер күтіледі.

"Ауа температурасы күндіз батыста +23+33°С дейін, солтүстік-батыста +15+28°С дейін, солтүстікте +18+28°С дейін, орталықта +25+35°С дейін төмендейді, шығыста +25+37℃ дейін, оңтүстікте +35+45℃ дейін, оңтүстік-шығыста +35+43℃ дейін жоғарылауы болжанады", - делінген хабарламада.