"Қазақфильм" АҚ президенті, белгілі актер Азамат Сатыбалды өзіне қоқан-лоқы көрсетіп жүргендер туралы айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz
"Ондайдың талайын көрдім. Оған қыста да куә болдыңыздар. Авто кешен жасап жіберді деп сөккен еді. Әрбір сілкініс сені тазалайды. Мені күнде қорқытады. Кеше де қорқытты. Бірақ мен қоян жүрек адам емеспін ғой. Мен өзімнің істеп жатқан жұмысымды білемін. Егер мен басқа адам болсам, мен қыста болған жағдайдан кейін, кешегі оқиғадан кейін қолымды бір сілтеп кетіп қалар едім. Олай жасауға жағдайым жетеді. Бір қызметке тәуелді адам емеспін. Құдайға шүкір, сұранысқа ие актермін. Осылардың барлығы жан-жақтан талап жатқан кезде менде "спортивный интерес" кетті. Мен дәлелдеу керекпін, жұмыс істеу керекпін. Менде аманат бар. Аманатқа қиянат жасамау керек. Ертең ана өмірге барған кезде Шәкен ағаның көзіне тік қарауым керек. "Не істедің?" деген кезде "барымды салдым" деп айту үшін жұмыс істеп, тоқтамауым керек екенін түүсіндім. Маған хабарласып, қорқытпақ болғандар болды. Телефонға хабарламалар келеді. Одан кейін өздері келіп, есікті теуіп кіріп қорқытады. Айқайлап шығып кетеді. Сұқбаттар жазады, біреулер арқылы сәлемдемесін айтып жібереді. Екі нөмір ауыстырдым. Бұл жайттың барлығы маған мотивация мен күш береді", - деді Азамат Сатыбалды "Massaget TV" Youtube арнасына берген сұқбатында.