Облыстық Жедел басқару орталығының инспекторлары тәулік бойы бейнебақылау камералары арқылы өңірге бақылау жүргізіп, қылмыстың алдын алуда жүйелі жұмыс жасап келеді,-деп хабарлайды newsroom.kz
Мәселен тәртіп сақшылары Түркістан қаласының орталық көшелерінің бірінен заңмен тыйым салынған затты қолдану дерегінің жолын кесті. Яғни полиция камера арқылы түнгі уақытта көлік ішіндегі ер адам, темекі ретінде белгісіз шөпті әзірлеп жатқандығын байқап қалады.
Осы бойынша әрі қарай бақылауды күшейтіп, көлікті тексеру үшін жақын маңдағы полиция қызметкерлеріне бағыттама береді. Оқиға орнында тексеру жүргізген полицейлер, жүргізушінің «марихуана» есірткісін заңсыз сақтағанын анықтады.
Қызылордалық ер адамға қатысты «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.