18 шілде күні Астана қаласы, Нұра ауданы Кіші Талдыкөл аумағында Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы және Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы, Нұра ауданы қолдауымен «Республикалық студенттік құрылыс және жастар жасақтары қозғалысы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өткізілді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Сондай-ақ, жүзден астам жастар аумақтың жан-жағын ретке келтірді. «Таза бейсенбі» акциясының мақсаты қаланың экологиялық жағдайын жақсарту және тазалықты сақтау, әрбір аулада тазалық пен тәртіпке саналы, адал көзқарас қалыптастыру.
Айта кетейік, биыл «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының XX еңбек маусымы басталды. Жоба аясында елорда бойынша 4200-ден астам 14 пен – 35 жас аралығында жастар жұмыспен қамтамасыз етіледі. Олар қаламыздың құрылыс нысанындарына,қала маңындағы «жасыл белдеуде», әлеуметтік нысандарды, жалпы білім беретін мекемелер аумағында, қала саябақтарына, көгалдандыру жұмыстарына жұмылдырылады.