Бокстан олимпида чепионы Бақтияр Артаев досы Геннадий Головкинге қатысты сұраққа "Уақыт көрсетеді" YouTube жобасында жауап берді,-деп хабарлайды newsroom.kz
-"Біз екеуміз бала кезден бірге өскен кезде,екеуміздің ой-өрісіміз, жүрісіміз, мәдениетіміз бірдей еді.Екеуміз бәсекелестіктің арқасында осындай деңгейге жеттік.Мен ойлаймын, бәсекелестік болмаса ер-азамат өспейді.Мен Геннадий досым үшін қуаныштымын. Өйткені адам баласына жақсылық ойласаң, сені алдыда жақсылық күтіп тұрады",- деді Бақтияр Артаев.
Сондай-ақ, танымал боксшы көркем гимнастика спорт шебері Алия Юсуповаға сезімі болмағанын айтты.
-"Азия ойындарында ол маған келіп жанкүйер болды, мен оған жанкүйер болдым. Қолдап,араласқан кездеріміз болды.Солай балалық достық болып қалды,-деді боксшы.