2024 жылғы негізгі ҰБТ кеше аяқталды. Ұлттық тестілеу орталығы оның қорытынды мәліметімен таныстырды,-деп хабарлайды newsroom.kz
Талапкерлердің 75,1%-ы қазақ тілінде, 24,8%-ы орыс тілінде, 168 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.
Шекті балды 76,4%-ға жуық (139 мың) талапкер жинады,орташа балл – 68 балл,641 ерекше білім беру қажеттілігі бар бала қатысты,ең жоғары балл – 140.
Мемлекеттік білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 13-24 шілде аралығында жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысу үшін өтінішті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары арқылы, сондай-ақ онлайн режимінде "Электронды үкімет" порталы арқылы беруге болады, – деп мәлімдеді Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Сондай-ақ халқы тығыз орналасқан, батыс әрі жаңадан құрылған өңірлерден жастарды оқыту үшін 5 000 нысаналы грант бөлінді, оның ішінде Атырау облысынан келгендер үшін – 1 500 грант, Маңғыстау облысынан – 2 000, Түркістан облысынан – 600, Абай қаласынан – 300, Шымкент қаласынан – 300, Жетісу қаласынан – 300, Ұлытау қаласынан 300 грант даярлаудың мынадай бағыттары: педагогикалық ғылымдар, математика және статистика, жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары бойынша бөлінді.