«Бес жұлдыз» мегажобасының жеңімпазы анықталды!

Атақты музыкалық жоба мәреге жетті.

Фото: Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі

Атыраулық Нұршат Құсанова «Бес жұлдыз» мегажобасының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды newsroom.kz

Бұл туралы біз облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатаровадан білдік.

17 бағдарламадан тұратын сайыстың финалдық кезеңі Алматы қаласында өтті. 16 қатысушының  өнерін тікелей эфирде дауыс беру арқылы халық таңдады. Нақтырақ айтқанда өнерпаздар «Хабар» арнасының телеграм каналында дауыс жинады.

Нұршат Әл-Фараби атындағы Binom School мектеп лицейінің 8-сынып оқушысы. Кішкентай кезінен көптеген байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болған.  Осыған дейін «Қазақстан балалар дауысы 2023» жобасының жеңімпазы, «Junior Eurovision 2020» байқауының финалисі атанған.

Жүктелуде...