Бүгін, 5 шілдеде Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында кәріз газымен улану салдарынан үш адам қаза тапты. Оның ішінде екі бейбіт тұрғын мен бір келісімшарт бойынша әскери қызметші бар,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы жағдай жұмыс барысында абайсызда құдыққа құлап кеткен Шымкент аудандық пайдалану бөлімінің жұмысшысын құтқару орын алған.
"Оған көмекке келген тағы екі жұмысшы мен келісімшарт бойынша екі әскери қызметші де жағдайдың нашарлауына байланысты жоғары жаққа көтеріліп шыға алмады. Салдарынан үш адам сол жерде қаза тапты.
Тағы бір жұмысшы мен әскери қызетші Арыс қаласының ауруханасына жеткізілді. Қазіргі таңда олардың жағдайы тұрақты-ауыр деп бағаланып отыр.
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы күштердің жеке құрамы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады", - делінген министрлік хабарламасында.
Ведомство өкілдері қаза тапқандардың отбасына барлық көмек көрсетілетінін хабарлады.
Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-бөлігімен (еңбекті қорғау ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.