Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы мектеп құрылысымен танысты

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша 16 балабақша жоспарлануда

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы мектеп құрылысымен танысты
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Көкшетау, 4 шілде. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Юлия Кучинская және Наталья Дементьева Көкшетауда 1500 орындыққа арналған мектеп құрылысымен танысты,-деп хабарлайды newsroom.kz

Сарыарқа шағын ауданындағы жаңа мектеп «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында салынуда. 

«Біздің ауданда көп балалы отбасылар саны басым, ал 17-ші мектепте оқушылар сыныптарда қысылып отыруға мәжбүр. Менің екі балам бар, бірақ үлкенім бірінші сыныпқа тек келесі жылы барады. Сондықтан біз жаңа мектепті асыға күтеміз», – дейді жергілікті тұрғын Самал Сапарбаева.

Айна Мысырәлімова еліміздегі демографиялық өсім қарқыны білім беру жүйесіне күш салатынын ескеріп, бұл ретте мектептердегі орын тапшылығы ең өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті. 

«Көкшетау қаласы – Ақмола облысы тұрғындарының басты орталығы. Қаланың халық саны миграция есебінен де, туу көрсеткішінің артуынан да өсіп жатқаны қуантады. Биліктің міндеті – қолайлы өмір сүру жағдайын жасау, бұл әсіресе балаларға қатысы. Сондықтан біздің сайлауалды бағдарламамыз мектептер мен балабақшалар салуды көздейді. Мердігер осы мектепті жыл соңына дейін пайдалануға беретінін айтты», – деді ол.

Депутат Юлия Кучинская бүгінде мемлекет білім беру саласындағы кадр тапшылығын азайту және жастарды педагог мамандығына тарту бойынша қабылдап жатқан шараларға назар аударды.

«Мемлекет басшысының бастамасымен 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» арнайы заң қабылданды. Соңғы бірнеше жылда мұғалімдердің жалақысы екі есеге өсті. Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30%-ға артты. Ал бірнеше ай бұрын Президент депутаттар әзірлеген ғылым және білім мәселелері жөніндегі заңға қол қойды. Басқа мәселелермен қатар, заңда белгілі бір дәрежелері мен ғылыми атақтары бар педагогтерге ай сайынғы үстемақы төлеу қарастырылған. Бұл мұғалімдерді ынталандыратын шешімдердің бірі», – деп есептейді ол. 


Өткен жылы Ақмола облысында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша 1245 орындыққа арналған 16 балабақша, 3512 орындыққа есептелген 5 мектеп ашылды. Жалпы алғанда, 2027 жылға дейін өңірде 39 мектеп салу, сондай-ақ 82 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.