Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
1 шілде, 2024 / Динара Сембаева / Әлем

Ошта орын алған қасірет

Қырғыз Республикасының Ош облысы Нооқат ауданында болған табиғи апат

Ошта орын алған қасірет
Фото: Азаттық радиосы

Қырғыз Республикасының Ош облысы Нооқат ауданында болған табиғи апат алапат сел жүруінің салдарынан Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған төрт жасөспірім азаматтары қаза тапты. Ең ауыры олар апалы-сіңілі адамдардың балалары, шығысқазақстандық бір отбасының мүшелері. Олардан басқа апатқа ұшыраған көліктің ішінде бір әулеттің тағы 6 мүшесі болған,-деп хабарлайды newsroom.kz

ҚР Қырғызстандағы Елшілігі мен ҚР Ош қаласындағы консулдығы хабар түсісімен бірден жедел шараларды қабылдап, ресми ақпаратқа  дейін-ақ, жергілікті лауазымды адамдармен жеке қарым-қатынастардың арқасында алғашқы құрбандардың деректерін анықтады. 

Нооқат ауданында құрылған штабқа тікелей барып, жауапты адамдармен байланыстар орнатылды. Алдымен екі баланың денесі табылды, екінші күні үшінші баланың денесі табылды. Қазақстанда құрылған ведомствоаралық, соның ішінде ҚР СІМ құрылымдық бөлімдерінің басшылары енгентоп - жұмыс чатына бірден қосылу арқылы жергілікті органдардан алынған әрбір ақпарат жедел түрде жеткізіліп отырды. 

Қырғызстанның Ош қаласындағы СІМ өкілдігі, облыс, аудан басшыларымен тікелей байланыстар арқылы табылған денелерге сот-медициналық сараптама жүргізу, елге жеткізу үшін қажетті құжаттарды дайындау, балалардың шешелеріне медициналық, психологиялық көмек көрсету шаралары қабылданды. 

Балалардың сүйегін жеткізуге ҚР ТЖМ-нің ұшағын және зардап шеккен тұрғындарға ізгілік көмек жіберу ұйымдастырылды. Ү.ж. 30 маусымда ТЖМ ұшағы келетіннің қарсаңында жоғалған төртінші баланың шешесін жұбатып сабырға шақыру сәтінде аталған баланың денесі табылғаны анықталды. Осылайша тағдырдың жазуымен бір күнде қаза тапқан ағайынды төрт баланың денесін алдымен Нооқат ауданынан Ош қаласына жеткізіліптиісті сот-медициналық сараптама, куәліктер мен өзге де қажетті құжаттарды жасау, ақыры туған жеріне жөнелту мақсатындағы барлық қажетті ресми шаралары атқарылып сол түні ұшақ Қазақстанға жөнелтілді.

Атап өтерлігі, трагедия барысында қырғыз тарапы айрықша ықпалдастық жасады. Ең алдымен балалардың денесін іздеуге жергілікті тұрғындар, әсіресе жастар тәулік бойындажұмыс істеген. Ресми мекемелер сараптама жасау, құжат дайындау, сүйектерді дайындау, ұшақты, жүкті  қабылдау, денсаулықтары қатты зардап шекккен балалардың аналарына медициналық жәрдем көрсету және басқа да қажетті шараларды жедел қабылдап, түбегейлі ықпалдастық көрсетті.