weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
25 маусым, 2024 / Аман ШАМАР / Аймақтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Павлодарлық жүргізушіге 52 млн теңге айыппұл салынды

Ол Астана – Лермонтов көшелерінің қиылысында ұсталды

Павлодарлық жүргізушіге 52 млн теңге айыппұл салынды
Фото: бейнежазбадан скриншот

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында“Кибершериф” мобильді кешені жеке сот орындаушысымен бірлесіп Mitsubishi Outlander автокөлігін тоқтатты, - деп хабарлайды newsroom.kz

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті.

– Мәліметтер базасын тексеру кезінде бұл көліктің 52 миллион теңгеге жуық қарызы бар екені анықталды. Полицейлер көлікті мамандандырылған айып алаңына орналастырды, ол айыппұл толық төленгенше сол жерде сақталады, — деді Айдар Сламбеков.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде биыл 20-30 маусым аралығында кез келген ұсақ құқық бұзушылыққа “мүлдем төзбеушілік” қағидаты негізінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу шарасы жүріп жатыр.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→