Елімізде жас кәсіпкерлер жетерлік деседе 200-ге жуық адамды жұмыспен қамту көп еңбекті талап ететіні ақиқат. Clean House клининг-компаниясының директоры, әлеуметтік желіде танымал блогер және кәсіпкер Нұрхан Нұрмаханбет Абылайхан Өмірбайдың YouTube жобасына берген сұхбатында өз тәжірибесімен бөлісті деп хабарлайды newsroom.kz
Нұрхан мырза Қазақстан бойынша 6 филиалды басқарады. Анасын Меккеге апарып, су жаңа пәтер мен көлік сатып алған, өз күнін өзі көріп жүрген жас кәсіпкер. Ең алдымен клининг компанияға қызметкер болып бастаған. Уақыт өте келе өз кәсібін ашқан. Алайда, кәсібін ашу оңайға соқпаған. Алғашқыда бар жоғы 3 адам болып жұмыс жасағанын айтып ағынан ақтарылды.Сондай-ақ оның кәсібінің деңгейі биіктеп, қазіргі тұтынушылардың басым көпшілігі өнер жұлдыздары екенін жасырмады.
Кәсіпкер қызметкерлердің алдында өзімді бастық санамайтындығын әрі жақындарындай көретіндігін баса айтты. Алайда риза болмай реніші болған қызметкерлердің бар екендігін жасырмады.
Жас кәсіпкердің қазіргі таңда ақша айналымы орташа есеппен алғанда 20 000000 ға жуық. Мұның басты құпиясы еңбектену және жұмыс таңдамау керек екенін айтып жас кәсіпкер сырымен бөлісті.
Перизат Жайырбек