Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Түркістан облыстық сотының оқу орталығы базасында кеңейтілген кездесу өтті

60 жеке сот орындашылары қатысты

Түркістан облыстық сотының оқу орталығы базасында кеңейтілген кездесу өтті
Фото: Instagram trk_sud

Аталған іс-шараға Түркістан облыстық сотының және Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары Түркістан облысы прокуратурасының басқарма басшысы, Түркістан облысы прокурорының көмекшісі, Түркістан облысының Әділет департаментінің сот актілерін орындау жөніндегі орынбасары, Түркістан облысының Әділет департаментінің сот орындаушылар қызметін қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы, Түркістан облысы жеке сот орындаушылары өңірлік палата басшысы, Түркістан облысы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы басшысының орынбасарлары және 60 жеке сот орындашылары қатысты.

Төрағалық етуші Түркістан облыстық соты төрағасы А.Сұлтанов кездесуді ашық деп жариялап, осы санаттағы істердің саны арта түскенін назарға сала отырып, бұл кездесудің мақсаты осындай дауларды мейлінше азайту, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының бұзылмауы жөніндегі шараларды түсіндіру екеніне тоқталып, сөз кезегін баяндамашыларға берді.

Түркістан облыстық сотының оқу орталығының базасында «Сот орындаушылардың әкімшілік актілеріне, әрекеттеріне және әрекетсіздігіне дау айту бойынша өзекті мәселелері» тақырыбында кеңейтілген кездесу өткізілді.

Аталған іс-шараға Түркістан облыстық сотының және Туркістан облысынын мамандандырылған

Баяндамашы Б.Байдаулетов Түркістан облысының жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының және Түркістан облысы атқарушылық округінің жеке сот орындаушыларымен 2024 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстарын қатысушылар назарына жеткізді.

Баяндамашы М.Ташев өз кезегінде сот орындаушылардың шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айтуда кездесетін мәселелерге егжей- тегжейлі тоқталып, Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының осы санаттағы істердің статистикалық мәліметін жеткізді.

Түркістан облысы бойынша сот орындаушыларының атқарушылық құжаттарды орындау кезінде іс жүргізудің тараптардың арыздарына жауап бермеу туралы әрекетсіздігі, алимент берешегін анықтау туралы қаулыны қабылдау кезінде алимент берешегін дұрыс есептемеу, атқарушылық іс жүргізуді негізсіз қайтару және негізсіз қысқарту, атқарушылық іс жүргізудің тілін бұзу атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шараларды қабылдамау кемшіліктері анықталып жататынын түсіндірді.

Семинарға қатысушылар өз пікірлерін айтып, қызықтырған сұрақтарына жауаптарын ала алды. Сонымен қатар, осындай дауларды мейілінше азайту шараларын қабылдау жөнінде ортақ шешіміне келді.