Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысына қатысты үкім жарияланды, - деп хабарлайды newsroom.kz
Аталған соттың баспасөз қызметінен бігеніміздей, ол кәсіпкердің ақшасын алаяқтық жолмен жымқыруға оқталғаны және өндірісте екі қызметкердің қайтыс болуы фактісі бойынша оған қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуға байланысты лауазымды адамдарға пара беруге итермелегені үшін сотталды.
Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Алдын алу шаралары аясында процеске онлайн режимде еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері қосылды.
Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.