Шымкентте көлік өтетін көпір жартылай опырылды

Өткел халық көп қоныстанған елді мекенді қаламен байланыстырып тұрған

Фото: otyrar.kz

Шымкентте Жаңаталап шағынауданын қаламен байланыстыратын көпір жартылай опырылды. Аудан әкімі жергілікті тұрғындар үшін айналма жол мәселесін ойластыруға уәде берді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Otyrar.kz- ке сілтеме жасап.

Журналистердің мәліметінше, Шымкенттегі Жаңаталап шағынауданында көлік өтетін көпір жартылай опырылған. Өткел халық көп қоныстанған елді мекенді қаламен байланыстырып тұрған. Төтенше жағдай болған жерде апатты қалпына келтіру жұмыстары басталды. Өткел жабылып, көпір арқылы өтетін жолды полиция қоршауға алды. Тұран ауданының әкімі Берік Әшірбеков халыққа үндеу жасап, жергілікті билік көлік қозғалысына жаңа бағыт қарастырып жатқанын мәлімдеді. "Өздеріңіз көріп отырғандай, Жаңаталап ықшамауданы мен Сіргелі ауылын байланыстыратын көпір бұзылу себепті жабылды. Құрметті тұрғындар, А2 тасжолының бойында (жаңа зираттың қасында) қара жол барын білесіздер. Қазір арнайы карта әзірлеп жатырмыз. Бүгін түнде көлік қозғалысына қалыпты жағдай жасаймыз. 

Жүктелуде...