Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

ҚМДБ Құрбан айт мерекесі басталатын күнді бекітті

Қамари ай кейде 29 не 30 күн болады

ҚМДБ Құрбан айт мерекесі басталатын күнді бекітті
Фото: Tengrinews.kz

Биыл 16 маусым Құрбан айт мерекесінің бірінші күні деп белгіленді. Мұндай шешімді ҚМДБ қабылдады, деп хабарлайды newsroom.kz

Бірлестік мәлімдемесіне сәйкес, ислам дінінде қасиетті күндер, түндер және айлар қамари жыл санауы негізінде анықталады. Мұндай жыл санақ ай фазасының өзгеруіне қарай есептеледі. Жаңа айдың (һиләлдың) көрінуімен жаңа ай басталады. Қамари ай кейде 29 не 30 күн болады.

 "Зул-хижжа айын анықтау үшін зул-қағда айының 29-ында айды бақылайды. Күн батқан кезде жаңа ай көрінсе, келесі күні зул-хижжа айы басталған болып саналады. Егер ауа бұлтты болып, ай көрінбесе, зул-қағда айын 30 күнге толықтырады. Осыған орай, 2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал құрбан айт 16 маусымға сай келеді", - делінген ҚМДБ мәлімдемесінде.