Идеология немесе Жамбылдық оқушылар неге қызыл галстукпен жүр?

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев балалармен жүздесіп, әңгімелесті

Фото: Оралхан Дәуіттің фейсбук парақшасынан

Балаларды қорғау күніне орай Жамбыл облысында жақсы іс-шаралар өтті деп жазады танымал журналист әрі Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Оралхан Дәуіт өзінің фейсбук парақшасында,-деп хабарлайды newsroom.kz

«Лайым, балаларымыздың жаздық демалысы ойдағыдай өте бергей. Осы күні облыс әкімі Ербол Қарашөкеев балалармен жүздесіп, әңгімелесті. Өте жақсы іс-шара» - деп жазған О.Дәуіт 
«Мені таң қалдырғаны -- балалардың қызыл галстук тағып алғаны болды. Құдды бір пионерлермен жолығып жатқан сияқты» - деген пікірін жазған.

«Қызыл галстук әлі бар екен...» - деген жазба авторының постының астына «Бұл нені меңзейді....», «Ана жолы орта мектепті бітіргендеріне "пәленше" жыл толған түлектер қызыл галстук тағып, мерейтойларын атап өтті. -Бұларың қалай,-дегенде: -Бұның саясатқа еш қатысы жоқ,жәй "настальгиә" деді.Жарайды қызыл туды алып шықпағандарына шүкір, бұрынғы пионерлер балалық шақтарын еске алған шығар деп қойдық.Туымыз түстес көк галстук тағып,"ұландар ұйымын құрғанбыз" дегенді көріп едім. Бір жағынан құптап,қуанғанмын да. Ал мынау не? Басқа,басқа емес облыс әкімі қатысқан іс-шара. Шынында да соңғы кезде "қызарып" бара жатқан жоқпыз ба?» - деген пікірлер жазылған. 

Өмірбек Байгелді, Мырзатай Жолдасбеков секілді тұлғалар шыққан әрі жыр алыбы – Жамбыл атын иеленген облыста оқушылардың құдды Корей Халық Демократиялық Республикасындағыдай қызыл галстук таққандарына не себеп болды екен?

Жүктелуде...