Ресей Мемлекеттік Думасының вице-спикері Петр Толстойдың жуырда kp.ru басылымында айтқан сөздері желіні бір шулатып алған еді.
Әдеттегідей көршілес ел саясаты мен оның экс-Астанасы және солтүстік өңірлер туралы сөз қозғалыпты,- newsroom.kz
Дегенмен, біздің портал араға уақыт салғанда ресейлік танымал саясаткердің ерекше тегі мен әулеті туралы кей ақпараттарды оқырманмен бөлісуді жөн көрді.
Петр Толстой атақты жазушы әлем әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан Л.Н.Толстойдың тікелей ұрпағы. Әкесі - Олег Владимирович Толстой (1927—1992) суретші, анасы - Ольга Алексеевна Толстая 1935 жылы дүниеге келген.
Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген Петр Толстой бірқатар француз БАҚ-тарында яғни «Монд» газеті мен ФРАНС ПРЕСС агенттігінде жұмыс істеген.
2016 жылдан үлкен саясатқа араласып, Мәскеуде орналасқан Люблин бірмандатты округында жеңіске жетіп, Мемлекеттік Дума депутаты атанады.
2022 жылдың қаңтарында Балтық бойы елдері мен Финляндияның шекара мәселесіне қатысты да біршама мәселе көтерген. 2022 жылдың ақпан айынан бастап, бірқатар батыс елдерінің санкциялық тізіміне ілінген. Отбасылы, үш баласы бар. Танымал тележурналист Фёкла Толстаяның немере ағасы болып келеді екен.