Ағымдағы жылдың сәуіріне қарай халықтың ұжымдық сақтандыру жүйесіне кіретін банктердегі теңгедегі салымдары алғаш рет рекордтық 15 трлн теңгеден асты. Бұл туралы ranking.kz сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады.
Ұлттық валютадағы бөлшек депозиттер көлемі бойынша абсолютті көшбасшы — Kaspi Bank: мұнда портфель 4,5 трлн теңгені құрапты. Сондай-ақ, банк халықтың теңгелік салымдарының айлық өсуі бойынша да (бірден плюс 65,9 млрд теңге), сондай-ақ жылдық (2023 жылдың ұқсас кезеңіне 1,2 трлн теңге) бойынша да көш бастап тұр екен.
Сектордағы салымдар көлемі бойынша екінші орынды Halyk Bank алады: 3,7 млрд теңге, плюс айына 61,7 млрд теңге және плюс жылына 978,4 млрд теңге көрінеді.
Портфелі 2,4 трлн теңгені, сонымен қатар жылына 82,7 млрд теңгені құраған тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне маманданған Отбасы банкі сектордағы көшбасшылардың үштігін жабады дейді.
Үш көшбасшыдан басқа, секторда «триллионник» біреу ғана — ЦентрКредит банкі, 1,3 трлн теңгеге (плюс жылына 304,3 млрд теңге) халықтың теңгелік депозиттерінің көлемімен екен.