Студенттік лиганың жүзу мен кикбоксинг бойынша финалы өтті

50 метрге 4 адамнан аралас эстафета

Фото:

28 мамырда Студенттік спорт лигасы (SSL 2024) аясында жүзу және кикбоксинг бойынша финал өтті,-деп хабарлайды newsroom.kz

Жүзу бойынша спортшылар жеке және командалықесепте өнер көрсетті, олардың әрқайсысы ерлер мен әйелдер болып бөлінді. Жарысқа 14 ЖОО-дан 61 студент қатысты. Спортшылар еркін, баттерфляй, брасс стильдері, арқамен 50 және 100 метр қашықтыққа жүзу, сондай-ақкомандалық эстафета бойынша жарысқа түсті.

Ең көп медаль жинаған NU (13) болып отыр, екінші жәнеүшінші орынды М. Қозыбаев атындағы СолтүстікҚазақстан университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақұлттық университеті бөлісіп отыр (7 медальдан).

Командалық есеп бойынша жеңімпаздар:

● 50 метрге 4 адамнан аралас эстафета (әйелдер) – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

● 50 метрге 4 адамнан аралас эстафета (ер адамдар) – NU

● 50 метрге 4 адамнан еркін стиль бойынша эстафета (ер адамдар) – NU

● 50 метрге 4 адамнан еркін стиль бойынша эстафета (аралас) – М. Қозыбаев атындағы СолтүстікҚазақстан университеті

● 50 метрге 4 адамнан аралас эстафета – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

“Жарыс жоғары деңгейде өтті, қарсыластар да мықтыболды, алайда бірлескен күш-жігердің арқасында 6 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль қанжығаладық. Біз жаскоманда болсақ та, жеңіске жеткіміз келеді. Оған қоса бізОлимпиада жеңімпаздарымен шеберлік сабақтарынөткіземіз. Мәселен, жақында ғана бізге Олимпиада чемпионы, Азия ойындарының үш дүркін чемпионы Дмитрий Баландин келген еді”, — деді NU-дың жүзубойынша командасының капитаны Еңлік Ұлтарақова. 

Сонымен қатар бүгін лигадағы тағы бір спорт түрі – кикбоксингтен финал өтті. Турнирге ЖОО-лар мен колледждерден 25 команда – барлығы 135 студент қатысты.

Жарыс WAKO Full Contact түрі бойынша 16-17 және 18-24 жас санаттары бойынша өтті. Медальдардың жалпысаны бойынша 1-орынды Ш. Мұртаза атындағыХалықаралық Тараз инновациялық институты, 2-орынды Астана Халықаралық университетінің Педагогикалықколледжі, 3-орынды ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағыҚарағанды академиясы иеленді.

Еске сала кетейік, биылғы 26-31 мамыр аралығындаNU-да Студенттік спорт лигасының финалы өтуде, оғанҚазақстанның түкпір-түкпіріндегі 52 университеттен 750-ге жуық студент қатысып жатыр. Студенттік спорт лигасыбиыл алғаш рет барлық жоғары оқу орны үшін бірыңғайтурнир аясында өтуде. Шараның ұйымдастырушысы – NU.

Жүктелуде...