А. Адиева: «Медпойызға халық барлық мұң-тілегімен келеді»

Тиісті аймақта 17 маусымға дейін 11 бекет қамтылады

Фото

Шалғай аудандарда «бас ауырып, балтыр сыздағаннан» бөлек еңбек даулары, мұрагерлік, банк алдындағы берешек, көпбалалы аналар мен ерекше жандардың мұң-тілегі сынды мәселелердің көп екені белігі. Осы орайда, міне екінші жыл қатарынан, «Саламатты Қазақстан» пойызының құрамында медицина қызметкерлерімен қатар заң мамандары алыс ауылдар халқына өз қызметін ұсынып келеді,-деп хабарлайды newsroom.kz 

Бұл ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен «Самұрық-Қазына» қорыжәне ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жемісті ынтымақтастығының арқасында мүмкін болып отыр дейді бізге сұхбатында Комиссия мүшесі, Қордағы компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы - «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева.

Альфия Дәулетқалиқызы, халықтың ыстық ықыласына бөленген «Саламатты Қазақстан» медициналық-әлеуметтік пойызының 1 мамыр – Қазақстан бірлігі күні елордадан сапарға аттанғанын білеміз. Оған да міне бір айға жуықтап, пойыз Маңғыстау облысында болып үлгеріпті. Қазір – Атырау облысында. Бұрын бұл пойыз дегенде, көзімізге ақ халатты абзал жандар елестеуші еді. Қазір денсаулық керуенінің құрамы кеңейгендей ме, қалай? 

Иә, Қорымыз ұзақ жылдан бері қолдап келе жатқанмедпойыз бүгінде нағыз халықтың жобаға айналып, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасы да өз жемісін беріп жатыр деуге болады. Жыл аяғына дейін еліміздің барлық өңіріндегі 140 алыс бекет пен олардың маңайындағы ауыл-аймақтағы кем дегенде 90 қазақстандыққа тегін медициналық-әлеуметтік,құқықтық көмек көрсетуге жолға шыққан дөңгелек үстіндегі емхана жұмысына жалпы 40 маман жұмылдырылды. Олардың дені терапевт, хирург, педиатр, психолог, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика, жалпы тәжірибе дәрігері, рентгенолог, жүрек, тіс, көз, құлақ, тамақ және мұрын дәрігері, онколог-маммолог, гинеколог және уролог сынды білікті дәрігерлерден тұрып, қажет жағдайда шағын операциялар жүргізіп, жоспарлы емдеуге жолдама берілгенінен тыс, медиатор мен заңгер дауды сотқа дейін шешу секілді өзекті түйткілдер жөнінде жөн нұсқап, азаматтардың зейнетақы-жәрдемақы, әлеуметтік төлем және атаулы әлеуметтік көмек алу туралы сұрақтарына ыждаһатпен ден қоюда. Былайша айтқанда, медпойызға халық барлық мұң-тілегімен келеді. Ал біз, өз кезегімізде азаматтардың денсаулық сапасына көңіл бөліп қана қоймай, құқықтық сауатын арттыруға күш саламыз.

Биыл пойыз жұмысын батыс өңірлерден бастағанының да өзіндік сыры осында болар?

Елдегі су тасқыны орын алған жағдай бәрімізге мәлім. Барша қазақстандықтар қал-қадірінше қол ұшын созып жатыр. Бұл ретте медпойыз да бірден батыс аймақтарға, Маңғыстау өңірінен соң Атырау облысының бекеттеріне жол тартып, оның ішінде тек бір тәуліктің ішінде медицина қызметкерлері Құлсары қаласының 500-ден астам тұрғынын қарап үлгерді. Көшпелі бригадалар қаланың барлық эвакопункттерінде, сондай-ақ халықпен белсенді жұмыс жүргізілетін Мәдениет үйінің жанында қызмет көрсетуде.

Тиісті аймақта 17 маусымға дейін 11 бекет қамтылады. Жоба дәрігерлері ауыл тұрғындарына күнделікті 09:00-18:00 аралығында 13:00-14:00 түскі үзіліспен алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді.

Медпойыз қозғалысының кестесі алыс бекеттерде медициналық пункттердің жоқтығын ескере отырып және азаматтар мен мемлекеттік органдардың өтініші негізінде әзірленді. Жоба дәрігерлері орташа алғанда әр станцияға 1-2 күн тоқтайды. Зертханалық әдістерді қолдана отырып науқастарды тексереді. 

Жалпы 2010 жылдан бері медициналық пойыздар 1 991  станцияда болып, 658 407 адамның, оныңішінде 142 660 баланың денсаулығы тексерілді. Дәрігерлерге қаралу саны 3 438 081 болып, 28 918 шағын амбулаториялық ота жасалса, 168 991 тұрғынның тісі емделді. Мұнда тек былтырғы 2023 жылы ғана 100 000-ға жуық ауыл тұрғынынаақысыз жәрдем жасалып, 8 айдың ішінде барлық 17 облыстағы 121 шалғай станция қамтылды.  Осылайша орташа алғанда пойыз 18 мыңшақырымға жуық жол жүріп,  100 мыңға жуыққазақстандықтың денсаулығын, әлеуметтік ахуалынжақсартуға үлес қосты. Оның ішінде 19 222-сі бала. 9802 адамға ақысыз құқықтық жәнемедиативтік, яғни татуластыру көмегі көрсетілді.  Оның 6-мыңға жуығы әйелдер. Нәзік жандардың611-і өңірлік әйелдер кәсіпкерлік орталықтарынажіберілсе, 98-і жұмысқа орналастырылды, 388-і балаларына алимент ала бастады. Бұдан тыс, 60-ына шағын бизнес ашуға құжаттарды ресімдеугеқол ұшы созылды.

Пойыздың қозғалыс кестесі мен толық ақпараттыsk-trust.kz, medpoezd.kz сайттарынан және жобаныңәлеуметтік желідегі парақшаларынан, жергіліктіәкімдіктерден білуге болады.

Бүгінде қандай да бір көрсеткіштер туралы ауызтолтырып айта аламыз ба?

«Саламатты Қазақстан» пойызының медицина мамандары биыл өз жұмысын бастағалы, яғниалғашқы өңір қорытындысында – Маңғыстауоблысында 6830 адамның денсаулығын тексерсе, оның 3662-сі бала болып отыр. Медиатор мен заңгер мамандар 1026 арыз-шағым қабылдады.

Маңғыстаулық Тұрыш, Сам, Сайөтес, Өзен, Болашақ, Жетібай, Қарақия, Шетпе, Үстірт және Опорная станцияларында азаматтар тісін жұлдырып, жалпы тәжірибе дәрігеріне, хирург пен травматолог, уролог, неврапотолог, көз, құлақ, мұрын, тамақ, жүрек дәрігерлеріне, акушер-гинеколог пен психолог, педиатрға қаралды. Науқастар доңғалақ үстіндегі емханада ЭКГ, УДЗ, рентген қондырғыларына түсіп, зертхана жұмыс істеді.

Пойыздағы заңгерлердің кеңестері барысында болса, көпбалалы аналарға, сондай-ақ мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған және өмірлік қиын жағдайға тап болған аналарға ерекше назар аударылады. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірліккомиссиялардың күшімен шалғай ауылдардыңтұрғындарын пойызға жеткізу ұйымдастырылып, ауыл және кент әкімдерінің өзекті түйткілдердітарқатуға атсалысуы қамтамасыз етілуде, кезектекүту үшін жағдай жасалуда. 

Мәселен тек Жаңаөзен қаласы мен Болашақбекеттерін алғанның өзінде, біраз қордаланғанмәселелер байқалды. 150 мыңнан астам тұрғыныбар Жаңаөзенде азаматтардың банктер мен шағынқаржы ұйымдары алдындағы 22 млн теңгеденасатын қарызы бойынша арыз-шағымдар әзірлеп, құзырлы тараптарға жолдауға көмек жасалды. Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер, алиментрәсімдеу, еңбек өтілін есептеу, оқуға түсу, бизнес бастауға грант алу, қандас мәртебесіне ие болу, тұрғын үй теліміне қол жеткізу сынды жайттараясында кеңес берілді. 680 адам тіркелген, мектеппен балабақша, 3 дүкен мен наубайхана жұмысістейтін, газбен және сумен, ғаламторбайланысымен толық қамтылған, алайда дәріханамен полиция мекемесі, жастарға мәдениет мен спорт алаңдары, басты көшелерінде жарықтандыружоқ Болашақ станциясында медиатор тиістіжайттарды назарға алып, Даун синдромы бар балаға мүгедектік тағайындау, зейнетке шыққандаеңбек өтілін дұрыс есептемеу, теміржолшыслесарьлардың еңбек құқығының толыққорғалмауы мәселелерін шешуге күш салды. Маңғыстаулық бекеттердің бірінде араларында түсініспеушілік туындаған тараптар пойыз маманының атсалысуымен медиативтік келісімге келіп, қылмыстық істі қозғауға тоқтау салынды. Әйелдер құқығы тұрғысында, жергілікті жерлерде көп аналардың «Күміс алқаға» қол жеткізе алмай жүргені, тиісінше оларға жәрдемақы төленбейтіні аңғарылды. Бұл мәселе де, сәйкесінше, назарға алынды. Медиатор қызметінің барысында жалпы сомасы 13 миллион теңгеге даудың шешімі табылып, банк, сот, мемлекеттік мекемелер сынды бірқатар құзырлы тараптарға шағымданушылардың өтініші жолданды. Жалпы көп нәрсе туралы айтуға әлі ерте, жыл аяғына да дейін біраз белестер еңсеріледі деген ойдамын және сенімдемін.

Әңгімеңізге рахмет, еңбектеріңіз жемісті болсын!

                                          Автор: Тәңірберген Арғын

Жүктелуде...