Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Мамандар Қазақстан мен Польшаның жолдарды жобалау және салу тәжірибелерін салыстырды

Қазақстандық жолшылар Польшаға жұмыс сапарымен барды

Мамандар Қазақстан мен Польшаның жолдарды жобалау және салу тәжірибелерін салыстырды
Фото:

Сарапшылар поляк жол құрылысы тәжірибесін Қазақстанға бейімдеу мүмкіндіктерін талқылады,-деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақстандық жолшылар Польшаға жұмыс сапарымен барып, Варшава-Краков автожолының салынып жатқан учаскесінің мысалында еуропалық жолдарды жобалау, салу және пайдалану әдістерімен және кезеңдерімен танысты.

Сонымен қатар, сапар барысында ғалымдар мен сарапшылар делегациясы ЕО-дағы жолдардың көліктік-пайдалану жағдайын, жол қозғалысын басқару жүйелерін, инфрақұрылым мен жол бойындағы сервисті бағалай алды. 

Аталған жол учаскесіне бару мүмкіндігіДүниежүзілік жол қауымдастығының Қазақстан Республикасындағы ұлттық комитетінің (PIARC) жұмысы шеңберінде Fabe Polska жол-құрылыс компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылған.

Қабылдаушы тарап ҚазжолҒЗИ өкілдеріне Польшада қолданылатын жобалау және құрылыс технологиялары жайында кеңірек айтып, орындалған жұмыстардың сапасын бақылаупроцестерін көрсетті. Бұл ретте жолшы мамандароларды Қазақстанда қолдану және бейімдеумүмкіндіктерін талқылады.

ҚР делегациясы Польшадағы жол инфрақұрылымын ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтіп, өз қызметінде меңгерген әдістермен технологияларды толық пайдаланудыжоспарлап отыр.

Жұмыс сапары жоспарлау мен жобалауданбастап автомобиль жолдарын салудың барлықкезеңдерін салыстыруға мүмкіндік берді.

Алынған білім мен құнды тәжірибе Қазақстандажол құрылысы мен пайдалану сапасын жақсартуғаықпал етеді, өйткені олар отандық салалықнормативтік базаны өзектендіру кезінде де ескерілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандық жолғылыми-зерттеу институты аталмыш жұмыстыөткен жылдан бері АҚШ, ЕО, ҚХР және басқа да дамыған елдердің озық тәжірибесіне сүйенеотырып жүргізіп келеді.