Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«KazakhTazy» ит тұқымы Қазақстанның ұлттық бренді болуы мүмкін

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 100-ге жуық «қазақы тазы» тұқымды иттерді зерттелді

«KazakhTazy» ит тұқымы Қазақстанның ұлттық бренді болуы мүмкін

Астанада Қазақстан Кинологтар одағыұйымдастырған иттер көрмесі өтті. Оның аясында арнайы халықаралық комиссия Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 100-ге жуық «қазақы тазы» тұқымды иттерді зерттеді,-деп хабарлайды newsroom.kz

Халықаралық кинологиялық федерацияның атқарушы директоры Ив де Клерктің айтуынша, комиссия мүшелері «қазақы тазы»тұқымын зерттеуге, иттердің мүмкіндіктерін, денсаулығы мен жалпы сыртқы түр-түсін көруге келген.

«Қазақы тазы – тазы тұқымдас ит. Ол аң аулауға бейім, тиісінше тез жүгіруі, төзімді болуы, алыстан көре алатындай жақсы көру қабілетіне ие болуы тиіс. Бұл сипаттамалардың барлығы аяқ-қолдарының, бұлшықеттерінің, сүйектерінің белгілі бір құрылымын қажет етеді– мұның бәрін біз көрме барысында анықтаймыз», - деп атап өтті Ив де Клерк.

Сонымен қатар, комиссия Қазақстандажасалған «қазақы тазы» тұқымының стандартын және елде ұсынылған иттердің санын зерттеп жатыр.

«Халықаралық кинологтар федерациясының басшылығы мен өкілдері шыққан елінде иттердің саны жеткілікті деңгейде екеніне жеке көз жеткізіп, оларға деген мемлекет пен қоғамның қарым-қатынасын және жалпы ит өсіру мәдениетін тиісті деңгейде көрді. Осы көрменің қорытындысы бойынша комиссия «KazakhTazy»-ны Қазақстанның ұлттық тұқымы және бренді деп тану туралы Халықаралық кинология федерацияның Бас комитетінің шешіміне негіз болатын өз қорытындысын жасайды», - деді Қазақстан Кинологтар одағының президенті Бауыржан Серікқали.

Қазіргі таңда Қазақстан Кинологтар одағының деректері бойынша елімізде 3-3,5 мыңға жуық тазы тіркелген. Алайда, нақтысаны әлі де түзетіліп жатыр және тіркеуденкейін бұл сан 2-3 есе көбеюі мүмкін. Өйткені құжаты жоқ тазылар өте көп.

Сондай-ақ, көрме аясында тазы тұқымдас иттердің ең үздігі анықталды. Ол Беловодьяелінен келген Перизат (Перизат из страныБеловодья) атты тазы болды. Иесі – БерікОрынбаев (Алматы), ит өсіруші – Елена Хардина.

Көрменің ең кішкентай қатысушыларыныңбірі Семейден келген Шағала атты 3 айлықтазы болды. Оның қожайыны – 11 жастағыӘділжан Жеңіс.

«Мен әкеммен бірге аң аулаудың қыр-сырын зерттеймін. Біз иттерді тазыларға арналған арнайы тағамментамақтандырамыз. Біздің иттер Семейдетүрлі жарыстар мен іс-шараларға қатысты, ал Астанаға алғаш рет келіп тұрмыз», - деді Әділжан.