Шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы Парижде өткен биылғы маусымдағы соңғы әлем кубогініңқола медалін жеңіп алды. Команда сапында Руслан Курбанов, Эльмир Алимжанов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай өнер көрсетті,-деп хабарлайды newsroom.kz
«Қазақстандық шпагашылар жаңа шеберлік деңгейіне жетті. Біздің командамыз Франция, Жапония, Италия және Венгриямен бірге әлемдегі ТОП-8 құрама қатарынасенімді түрде енеді. Үздік үштікке кіру біздің спортшыларүшін тұрақты көрсеткішке айналды. Осы маусымда өткен7 командалық турнирдің төртеуінде командамыз жүлдегеілікті. Атап айтар болсақ, Стамбулдағы әлем кубогікезеңінде алтын, Қытайдағы Азия чемпионатында күмісжәне Тбилиси мен Парижде өткен әлем кубогінде қоламедаль иеленді. 2023 жылғы Азия ойындарының финалын да ұмытпау қажет. Сол сында қазақстандықтар бір ұпайайырмасымен ғана Жапонияға жол беріп, күміс медаль иеленген. Енді шпагашылар Азия чемпионатына қатысып, 2 жаттығу жиынын өткізеді. Содан соң, Олимпиада ойындары күтуде», - деп атап өтті ҚР МемлекеттікжаттықтырушыТимур Байтасов.
Франциядағы турнирде шпагашылар жоғары дайындық пен ауызбіршіліктің арқасында жеңіске жетті. Алғашқы 16 команданың қатарына кіру үшін Қазақстан Ливияны жеңіп, 1/8 финалда Испания құрамасын 45:27 есебімен тас-талқан етіп ұтты. Ширек финалда Украина құрамасына қарсы өткен тартысты кездесуде қазақстандық семсерлесушілер 45:37 есебімен жеңіске жетті. Ал жартылай финалдағы өте қарқынды кездесуде Қазақстан Францияға 36:45 есебімен жол берді. Үшінші орын үшін өткен жекпе-жекте біздің спортшылар 45:29 есебімен Израильді сенімді түрде жеңді.
Осылайша, қазақстандық шпагашылар қола медаль алып, маусымды абыроймен аяқтап отыр.
«Бұл көрсеткіш біздің әлемдік және Олимпиадалық рейтингтегі позициямызды нығайта түседі. Біздің рейтингте қай орында тұрғанымыз Олимпиададағы алғашқы қарсыластар таңдалатын кезде өте маңызды роль ойнайды. Бұл стратегиялық тұрғыдан маңызды. Азия чемпионатынан кейін жеребе белгілі болып, қарсыластар анықталады», - дейді команда мүшесі Руслан Курбанов.