Шымкент қаласы әкімінің орынбасары 8 жылға сотталыпты

Мақсұт Исақовты мемлекеттік награда «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енігізді

Фото: egemen.kz

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Мақсұт Исақов 8 жыл 5 айға қамалды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 

Сот оны ұлттық қауіпсіздік департаментінің бірінші орынбасарына 200 мың АҚШ долларын пара ретінде беруге оқталғаны үшін айыпты деп таныды. Шенеунік қызмет бабын пайдаланып, мемлекеттік сатып алуға байланысты қозғалған қылмыстық істі қысқарту үшін осындай әрекетке барған. Айыпталушының кінәсі куәгерлердің сөзімен, сот сараптамасының қорытындысымен және өзге де айғақтармен дәлелін тапты. Жаза тағайындау барысында бұрынғы әкім орынбасарының жасөспірім балаларының болуы ескеріліп, қамауға алу мерзімі азайтылды. Сот сондай-ақ Президентке Мақсұт Исақовты мемлекеттік награда «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енігізді.

Әбинұр Қарабаев, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

Пара берген бір-ақ адам. Пара беруге оқталған Исақов. Енді бұл іске басқа лауазымды адамдардың қатысы бар ма, жоқ па, білмеймін. Осы бойынша тағы бір іс қозғалып жатыр ұлттық қауіпсіздік комитетінде. Олар сол бойынша шешім қабылдайды.

Жүктелуде...