Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Бишімбаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе?

Ботагөз Жақселекова Сенат кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап берді

Бишімбаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе?
Фото: Jogargy_sot

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Сенат кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы  Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

"Қолданыстағы заңнамада шартты түрде мерзімінен бұрын босау мүмкіндігі қарастырылған. Бұл жазасын өтеп жатқан адам жақсы тәртібімен көзге түскен жағдайда мүмкін болады. Ауыр қылмыстарға келсек, шартты түрде мерзімінен босау үшін сотталушы жазаның үштен екі бөлігін өтеуі  тиіс. Шынында да, мұнда жәбірленуші тараптың келісімі қажет. Дегенмен де, бұл соттың айрықша құқығына жатады. Екіншіден, бізге осы іс бойынша үкімнің заңды күшіне енгенін күту керек. Сондықтан да осы сатыда қандай да бір пікір айту әлі ерте", - деді вице-министр.

Журналистер спикерден түрмеде жазасын өтеп жүрген адам денсаулығына байланысты мерзімінен бұрын ерте шығуы мүмкін бе деп сұрады.

"Бұл да сот шешіміне сәйкес жүзеге асады. Жалпы қылмыстық-атқару жүйесінде медициналық көмек көрсетіледі. Жақында түрмелерде сотталушыларды медициналық көмекпен қамту жүйесі ішкі істер органдарынан шығарылып, денсаулық сақтау министрлігіне берілді", - деп түсіндірді Әділет вице-министрі.