Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Құлсарылықтар коммуналдық төлемдерден босатылыпты

Қазіргі уақытта Құлсары қаласы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етілуде

Құлсарылықтар коммуналдық төлемдерден босатылыпты
Фото: egemen.kz

Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражановтың хабарлауынша, зардап шеккен үйлердің тұрғындары сәуір, мамыр, маусым айларында коммуналдық қызметтер үшін төлемнен босатылады, деп мәлімдеді Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Қазіргі уақытта Құлсары қаласы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етілуде. Электр қуатына барлығы 2870 үй қосылды, су басу аймағында орналасқан 3084 үйді газбен жабдықталды.

⁃ Тұрғындарға наурыз айына коммуналдық төлемдерді (ҚТҚ, электр энергиясы, газ және ауыз су үшін) төлеуге түбіртектер таратылады. Алайда, қала тұрғындары өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта есепшоттарды төлей алады, - деді Жұмабек Қаражанов.

Сондай-ақ, аудан әкімінің хабарлауынша, Құлсары қаласында коммуналдық қызметтерге тарифтерді көтеру фактілері тіркелмеген.