Алматыда бірнеше көше атауы өзгертілмек

Шешім жобасы Республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жіберіледі

Фото: Advantour

Алматы тұрғындары еліміздің көрнекті өнер қайраткерлері - әнші Ермек Серкебаев пен актер Юрий Померанцев пен Владимир Толоконниковтың құрметіне бірнеше көшенің атын өзгертуді ұсынды, - деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы әкімдігі қалалық мәслихат шешімінің жобасы бойынша, Гагарин даңғылының Тимирязев көшесінен Бостандық ауданы әл-Фараби даңғылына дейінгі бөлігін Ермек Серкебаев даңғылы деп өзгерту жоспарланғанын хабарлады. Әуезов ауданындағы Юбилейная көшесі Владимир Толоконниковтың есімімен аталмақ.

Хабарландыру жасырылған

Сізге сәйкес жарнама ұсыну үшін, жауаптарыңызды пайдаланамыз

"Жас қанат" ықшамауданындағы атауы жоқ көшеге композитор Ескендір Хасанғалиевтің есімі берілсе, Бостандық ауданындағы атауы жоқ тағы бір көшеге қазақстандық театр аңызы Юрий Померанцевтің есімі берілуі мүмкін.

Шешім жобасы Республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жіберіледі.

Жүктелуде...