Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Бүгін Атырауда Жайық өзені қаншаға көтерілді?

Өзен қауіпті деңгейге жақындады

Бүгін Атырауда Жайық өзені қаншаға көтерілді?
Видеодан кадр

Атырау облысында Жайық өзенінде су әлі де көтеріліп жатыр. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды newsroom.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, соңғы 5 күн ішінде аймаққа су келіп жатыр. "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторинг деректері бойынша 12 мамырда сағат 9:00-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі:

  • Атырау - 538 сантиметр. Тәулігіне + 5 сантиметр.
  • Индербор ауданы 1033 сантимтер. Тәулігіне +7 сантиметр.
  • Махамбет ауданы 955 сантимтер. Тәулігіне +16 сантимтер.

"Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет су бекеттерінде деңгей шектік белгіден асып түсті. Одан әрі артуы күтіледі", - делінген хабарламада.