Жаңбыр, 25 градус жылы: еліміздің үш мегаполисінде бүгін ауа райы қандай болады

Күндіз ауа температурасы 25 градусқа дейін көтеріліп, түнде 17 градусқа дейін түседі

Фото: El.kz

Синоптиктер Астана, Алматы мен Шымкентте 10 мамыр күні ауа райы қандай болатынын болжады. Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды Newsroom.kz

Бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 25 градусқа дейін көтеріліп, түнде 17 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,4 м/с болмақ. Астанада синоптиктердің болжамынша, күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 17 градусқа дейін жетіп, түнде 10 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 7,1 м/с болады. Шымкентте бүгін жаңбыр болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 22 градусқа дейін жетіп, түнде 15 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,8 м/с деңгейінде болмақ. 

Жүктелуде...