Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Блогер NNN-мен Қазақстан Жастар Конгресі мүшелері Жеңіс күнімен ардагерлерді құттықтауға барыпты

Қазақстан Жастар Конгресі мүшелері Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің үйіне барды

Блогер NNN-мен Қазақстан Жастар Конгресі мүшелері Жеңіс күнімен ардагерлерді құттықтауға барыпты
Фото: Қазақстан Жастар Конгресі

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан Жастар Конгресінің мүшелері сол соғыстың батырларына барды,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Белсенділер ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін құттықтап сыйлық салынған себеттер мен құттықтау хаттарын ұсынды. 
Белсенділер 1926 жылы 21 қарашада Ақмола облысы дүниеге келген, Минск пен Варшаваны азат етудегі шайқастарға қатысқан Сердюков Василий Антоновичты құттықтап барды. Василий Антоновичпен әңгіме барысында өзі қатысқан ауыр шайқастар Берлин маңында, Зеловск биіктігінде қаладан 75 км қашықтықта болғанын айтып, осы бейбіт заманның бұзылмағанын қалайтынын жеткізді. 

Келесі болып 1925 жылы 10 наурызда Алматы облысында дүниеге келген Жақан Сейсебаевтың үйінде қонақта болды. Атамыз 1942 жылы 17 жасында Кеңес Армиясының қатарына қосылды. Бір жылдан кейін, 1943 жылы ол соғысқа аттанды, Беларуссияны азат ету үшін шайқастарға қатысты, құпия бөлімнің зеңбірекшісі болған. Атамыз келген жастарға өз алғысын айтып, батасын берді.

Сондай-ақ, белсенділер Ақтөбе облысында дүниеге келген, 100 жастан асқан Байкешев Рзагулатамызды құттықтады. 
Ол Калинин облысында, Рыжов және Великий Лугқаласында соғысқан. Ол Польша, Румыния және Венгрияны азат ету кезінде, ефрейтор шенімен шайқастарға қатысқан.

Келесі болып, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұрып жатқан соғыс ардагері Сафоничева Раиса Егоровнаны құттықтады. РАиса Егоровна 1925 жылы 10 шілдеде дүниеге келген.1944 жылы 4 наурызда өз еркімен майданға аттанды. Ол Киев қаласында, Бессарабия, Румыния, Венгрия үшін Будапешт маңындағы шайқастарға қатысып, Жеңіс Күнін қарсы алды.

"Біздің елімізде Жеңіс күні тұрақты түрде атап өтіледі. Бұл, ең алдымен бізге бейбіт аспан сыйлағандарды еске алу күні және осындай бейбіт күнді сыйлаған ардагерлерімізге алғыс айту күні", - деп атап өтті Қазақстан Жастар конгресінің атқарушы директоры Бақдәулет Жанділдаев.

Ардагерлерді жеңіс күнімен құттықтауға Қазақстан жастары конгресі белсенділерімен бірге блогер, қазақ контентін дәріптеуші Нұрдәулет Бектұрсын (NNN атымен танымал) барды. Нұрдәулет өзінің барша оқырмандарына ардагерлерімізді ардақтауға,осындай тәуелсіз елімізіді аман сақтаған батырларымызды ұлықтауға шақырды.

Белсенділер ардагерлерге тек айтулы күндері ғана емес тұрақты түрде барып алғыс білдіріп, аула жұмыстарына көмек көрсетеді, жиі кездесіп тұрады.