Жапондар алғаш рет 6G байланысын сынақтан өткізді, деп хабарлайды Newsroom.kz
24.kz телеарнасының мәліметінше, оның көмегімен интернет жылдамдығы секундына 100 гигабитке дейін жеткен. Бұл 5G-мен салыстырғанда 10 есе тез. Ол секундына жақсы сападағы 9 фильм жүктеуге жететін көрінеді.
Мамандар әзірге оны қолданысқа енгізуге ерте дейді. Бұл тек 2028-2030 жылдары ғана мүмкін екенін айтады.
Сөйтіп, келешекте 6G байланысының көмегімен жүргізушісіз жүретін көліктерді тиімді басқарып, телемедицина мен виртуалды технологиялардың мүмкіндіктерін кеңейтуге болады.