Алматыда жоғалып кеткен 15 жасар қыз табылды

Былтыр күзде жоғалған қыз тірі табылды

Фото: инстаграм желісінен

Алматыда былтыр күзде жоғалып кеткен 15 жасар қыз тірі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды newsroom.kz.

Коваленко Валерия Денисовна, 2009 жылы туған, 2023 жылғы 24 қарашада жоғалып кеткен. Ол сағат 23:00 шамасында Іле ауданы Боралдай ауылы Әзербаев көшесі, 102 үй мекенжайындағы үйінен шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені беймәлім болды.

Валерия Денисовна осы жылдың сәуір айында табылған. Қыздың нақты қайдан табылғаны және басқа да деректер жоқ.

Жүктелуде...